Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі (Жоба) (2003 ж. 30 мамыр) (күші жойылды)

Предыдущая страница

7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыруға құқылы.

30-тарау. Iшкi бақылауды ұйымдастырудың негіздері

139-бап. Iшкi бақылаудың мемлекеттік органы

Iшкi бақылау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган, iшкi бақылау қызметтерi iшкi бақылаудың мемлекеттік органы болып табылады.

140-бап. Ішкi бақылау жөніндегі орталық уәкiлеттi органның өкiлеттiктерi

1. Iшкi бақылау жөніндегі орталық уәкiлетті орган:

1) iшкi бақылау қызметтерi жүзеге асыратын бақылаудың тиiмдiлiгiн арттыру жөнiнде ұсыныстар бередi;

2) республикалық және жергiлiктi бюджеттердi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мақсатсыз және тиiмсiз пайдаланудың жолын кесу және оған жол бермеу жөнiнде шаралар қолданады;

3) Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетiне, мәслихаттардың тексеру комиссияларына хабардар болуы үшiн бақылаудың тиiстi жоспарларын жiбередi;

4) бақылау шараларының қорытындылары бойынша қабылданған шешiмдердiң орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

5) республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражаттарын пайдалануда бақылау объектiлерi лауазымды адамдарының iс-әрекеттерiнде қылмыстық белгiлер, Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзудың өзге де фактілері анықталған жағдайда бақылау материалдарын құқық қорғау органдарына бередi;

6) iшкi бақылау саласында кадрлардың біліктiлiгiн арттыруды және оларды қайта даярлауды ұйымдастырады.

2. Iшкi бақылау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган:

1) бюджет заңдарын iшкi бақылау объектiлерi сақтауын, республикалық және жергiлiктi бюджеттерден берiлген бюджет қаражатының, сондай-ақ мемлекет кепiлдiк берген қарыздардың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыруға;

2) республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң есебiнен ұсталатын мемлекеттік мекемелердiң қаржылық есеп беруін бақылауды жүзеге асыруға;

3) республикалық және жергiлiктi бюджеттер қаражатын пайдаланудың тиiмдiлiгiн бақылауды жүзеге асыруға;

4) мемлекеттік мекемелердiң өздерiнiң иелiгiндегі тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi сатуынан түскен ақшаны қалыптастыруын және пайдалануын бақылауды жүзеге асыруға;

5) өздерi белгiлеген мерзiмде бақылау объектілерiнен бақылау жүргiзуге байланысты қажеттi құжаттарды, анықтамаларды, ауызша және жазбаша түсiнiктердi сұратып алуға және алуға;

6) iшкi бақылау объектiлерiнiң лауазымды адамдарын республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын бұзудың анықталған фактілері бойынша тыңдауға;

7) төтенше мемлекеттік бюджеттiң атқарылуын бақылауды бақылауға қатысуға;

8) мемлекеттік органдардың iшкi бақылау қызметтерiнен жоспарлар, есептер мен өзге де қажеттi ақпаратты алуға;

9) бақылау жүргізуге мемлекеттік органдардың мамандарын, және қажет болған кезде республикалық бюджетте осы мақсаттар үшiн көзделген қаражат шегiнде олардың көрсеткен қызметтерiне ақы төлей отырып тәуелсiз аудиторлық ұйымдардың мамандары мен сараптамашыларды тартуға;

10) республикалық және жергілiктi бюджеттердiң атқарылуы туралы мәселелерге жататын құпиялық режимiн, коммерциялық және өзге де заңмен қорғалатын құпияны сақтауды ескере отырып, құжаттамамен кедергiсiз танысуға:

11) нормативтiк құқықтық базаны және бақылау жүргiзу әдiстемесiн жүргiзу мәселелері бойынша іс-шараларды әзiрлеуге;

12) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес өзге де өкілеттiктердi жүзеге асыруға құқылы.

141-бап. Iшкi бақылау қызметi

1. Мемлекеттік органның iшкi бақылау қызметi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылады.

2. Мемлекеттік органның iшкi бақылау қызметi мемлекеттік органның басшысына есеп берудi және мемлекеттік органның басқа құрылымдық бөлiмшелерiнен қызметтiк, функционалдық жағынан тәуелсіз.

3. Мемлекеттік органның iшкi бақылау қызметi:

1) бақылау жоспарын жасайды;

2) мемлекеттік органның басшысына iшкi бақылау жүргiзу жоспарының орындалуы жөнiнде есеп бередi.

4. Iшкi бақылау қызметi бар мемлекеттік орган өзi белгілеген нысандар мен мерзiмдерде iшкi бақылау жөніндегі орталық уәкiлеттi органға iшкi бақылау жүргiзу жоспарларының орындалуы және олардың нәтижелерi туралы есеп береді.

Iшкi бақылау жүргізу жоспарлары туралы есептер мен ақпарат беру туралы талаптар ол туралы ақпарат мемлекеттік құпияларға жататын шығыстарды бақылаумен байланысты жағдайларға қолданылмайды.

5. Мемлекеттік органның iшкi бақылау қызметi:

1) мемлекеттік органда және оның аумақтық бөлiмшелерi мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдарда қаржылық есептiлiктiң iшкi бақылауын жүргiзуге;

2) iшкi бақылау жөнінде орталық уәкілетті органның консультацияларыналуға құқылы.

31-тарау. Мемлекеттік қаржы бақылауының объектілері мен органдарының

өзара iс-қимылы

142-бап. Мемлекеттік қаржы бақылауы объектiсi басшысының мiндеттерi мен құқықтары

1. Бақылау объектiсiнiң басшысы:

1) мемлекеттік бақылау органының қызметкерлерiн жұмыс орындарымен қамтамасыз етедi;

2) мемлекеттік бақылау органының қызметкерлерiн бақылау жұмысын жүзеге асыру үшiн қажеттi барлық сұратып алынатын ақпаратпен қамтамасыз етедi және оның растығы, объективтiлiгi мен толықтығы үшiн жеке жауаптылықта болады;

3) мемлекеттік бақылау органы қызметкерлерiнiң iс-әрекеттерiне араласпайды, адасушылыққа салмайды, бақылау жүргiзуге кедергi келтiрмейдi және бақылау ауқымын шектемейдi;

4) кемшiлiктердi жою жөнiнде қабылданған шаралар туралы уақтылы есеп берiп отырады;

5) жүргiзiлген бақылау нәтижелерiмен бiрге актiнi танысуға берген күннен бастап үш күндiк мерзiм iшiнде белгiленген тәртiппен бақылау актiсiне қол қояды.

2. Бақылау объектiсiнiң басшысы:

1) бақылаудың мақсатын, уақытын және ұзақтығын, оның нәтижелерiн, шешiмдерi мен ұсынымдарын бiлуге;

2) тиiсiнше Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетiнiң, мәслихаттың тексеру комиссиясының тапсырмасын, iшкi бақылау жөніндегі орталық уәкiлеттi органның бұйрығын табыс етпеген мемлекеттік бақылау органының қызметкерлерiн бақылауға жiбермеуге;

3) бақылау нәтижелерiмен келiспеген жағдайда бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органның бақылау aктiciнe қарсылық бiлдiруге;

4) бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органның iс-әрекетiне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен шағым беруге құқылы.

143-бап. Мемлекеттік қаржы бақылауы саласындағы мемлекеттік органдардың өзара iс-қимылы

1. Iшкi бақылау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган бақылаудың тиiстi жоспарларын хабардар ету үшiн Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетiне, мәслихаттардың тексеру комиссияларына жiбередi.

2. Мемлекеттік қаржы бақылауы органдары келісім бойынша бiрлескен бақылау қызметiн жүзеге асыруы мүмкiн.

3. Iшкi бақылау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган бюджет қаражаттың пайдалануда құқық бұзушылықтар фактілері бойынша тексеру iсi туралы қылмыстық тергеу органдарының қаулылары негiзiнде жоспардан тыс бақылау жүргiзедi.

4. Мемлекеттік қаржы бақылауы органдары бюджет қаражатының мақсатсыз пайдаланылуы фактілерін не өзге де заңнама бұзушылықтарды анықтаған жағдайда мұндай фактiлер жөніндегі материалдарды заң бұзушылықтарға кiнәлi адамдарды заң актілерінде белгiленген жауапкершiлiкке тарту туралы мәселенi шешу үшiн прокуратура органдарына жiберуге тиiс.

144-бап. Мүдделер қақтығысы

1. Мүдделер қақтығысы - мемлекеттік сыртқы және iшкi бақылау органдарының және олардың қызметкерлерiнiң объективтiлiгi мен тәуелсiздiгiн шектеуге қабiлеттi кез келген қызмет немесе қатынастар.

2. Мемлекеттік сыртқы және iшкi бақылау органдарының:

1) жақын туыстар, жекжаттар, бақылау объектiсi басшысының, құрылтайшысының немесе қатысушысының сенiмдi адамы немесе қорғаншысы болып табылатын қызметкерлерiне;

2) онда жеке мүлiктiк мүдделерi бар бақылау объектiсiнiң қызметкерлерi, қатысушылары, лауазымды адамдары iшiнен;

3) бақылау объектiсiнде жұмыс iстейтiн не тексерiлетiн кезеңде бақылау объектiсi басшысының, құрылтайшысының немесе қатысушысының жақын туыстары, жекжаттары, сенiмдi адамы немесе қорғаншысы болып табылатын адамдарға бақылау жүргiзуге тыйым салынады.

3. Мүдделер қақтығысы туындаған кезде мемлекеттік сыртқы және iшкi бақылау органы қызметкерi бақылауды тағайындаған басшыға бұл туралы хабарлауға тиiстi. Әйтпеген жағдайда мүдделер қақтығысы ахуалының туындағаны үшiн толық жауапкершiлiк мемлекеттік сыртқы және iшкi бақылау органының қызметкерiне жүктеледi.

145-бап. Қаржылық бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарына қызметтiк мiндеттерiн орындауына кедергi келтiргенi, анықталған бұзушылықтарды жою туралы актiлердi орындамағаны үшiн жауаптылық

Өздерiнiң құзыреттерiне сәйкес қаржылық бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарына олардың қызметтiк мiндеттерiн орындауына бақылау жүргiзу үшiн жiберуге бас тартуды, қажетті құжаттарды, материалдарды, қызмет туралы ақпаратты және өзге де мәлiметтердi беруден бас тартуды, расталмаған ақпаратты берудi бақылауды жүзеге асыруға өзге де кедергі келтiрулердi жасауды бiлдiру, сондай-ақ анықталған бұзушылықтарды жою туралы актiлердi орындамау немесе тиiсiнше орындамау Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде жауапкершiлiкке әкеп соғады.

146-бап. Келiспеушiлiктердi шешу

Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары лауазымды адамдарының, сондай-ақ бақылау объектiлерiнiң iс-әрекеттерiне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен шағым берiлуi мүмкiн.

8-бөлiм. Бюджеттік инвестициялар

32-тарау. Бюджеттік инвестициялар туралы жалпы ережелер

147-бап. Бюджеттік инвестицияларды сыныптау

1. Бюджеттік инвестициялар бюджеттік инвестициялық жобалар мен инвестициялық бағдарламаларды iске асыру жолымен, сондай-ақ заңды тұлғалардың қаржылық капиталын қалыптастыру мен ұлғайтуға қатысу жолымен жүзеге асырылады.

2. Шешiлетiн мiндеттердiң маңыздылық деңгейiне қарай бюджеттік инвестициялық жобалар (бағдарламалар) республикалық және жергiлiктi бюджеттік инвестициялық жобалар (бағдарламалар) болып бөлiнедi.

3. Республикалық және жергiлiктi бюджеттік инвестициялық жобалар мен бағдарламалардың өлшемдерi:

1) меншiк нысаны бойынша өлшем - бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) iске асыруға байланысты нәтижеге меншiк құқығы (республикалық немесе коммуналдық) туындауына қарай республикалық немесе жергiлiктi бюджеттік инвестициялық жобаны (бағдарламаны) айқындайтын көрсеткiш;

2) алушылар бойынша тиiмдiлiк критерийi - егер бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) iске асырудан алынатын төзiмдiлiктiң негiзгi үлесiнiң алушылары екi немесе одан да көп облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың субъектілерi болып табылса, республикалық - егер бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) iске асырудан алынатын тиiмдiлiктiң негізгі үлесiнiң алушылары бiр облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың субъектiлерi болып табылса, жергiлiктi бюджеттік инвестициялық жобаны (бағдарламаны) айқындайтын көрсеткiш.

4. Инвестициялық жобаны (бағдарламаны) республикалық ретiнде айқындау үшiн оны осы баптың 3-тармағында аталған өлшемдердiң бiрiнiң қанағаттандырылуы жеткiлiкті.

5. Жергiлiктi инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) және облыстық маңызы бар аудандық (қалалық) деп сыныптау осы баптың 3-тармағында көрсетiлген қағидат бойынша және өлшемдер негiзiнде жүзеге асырылады.

6. Республикалық инвестициялық жобаларды орталық мемлекеттік органдар iске асырады және республикалық қаражат есебiнен қаржыландырылады.

7. Жергiлiктi инвестициялық жобаларды жергiлiктi атқарушы органдар iске асырады және жергiлiктi қаражат есебiнен қаржыландырылады.

8. Жергілiктi бюджеттік инвестициялық басым жобалардың (бағдарламалардың) келісілген тiзбесiн экономикалық жоспарлау жөнiндегі орталық және жергiлiктi уәкiлеттi органдар Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен аймақтардың әлеуметтiк-экономикалық дамуының орта мерзiмдiк жоспарларын келiсу шеңберiнде жүзеге асырады.

33-тарау. Бюджеттік инвестицияларды жоспарлау және жүзеге асыру

148-бап. Бюджеттік инвестицияларды жоспарлау және жүзеге асыру қағидаттары

1. Бюджеттік инвестициялар мынадай қағидаттарға сәйкес жоспарланады және жүзеге асырылады:

1) Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуын жоспарлау жүйесіндегі барлық бағдарламалық және жоспарлау құжаттарының тұрақтылығы мен өзара толықтырып тұрушылығы;

2) мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың дәйектiлiгi және қабылданған мемлекеттік инвестициялық саясатқа шешiмдерiнiң сәйкестiгi.

2. Бюджеттік инвестицияларды бюджеттік инвестициялық жобалар мен инвестициялық бағдарламаларды iске асыру арқылы жоспарлау мен жүзеге асырудың тәртібі осы Кодекстің 149-152-баптарымен айқындалады.

Бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) жоспарлау үш кезеңде жүзеге асырылады:

инвестициялық ұсыныстарды қалыптастыру және iрiктеп алу;

бюджеттік инвестициялық жобаларды әзiрлеу және iрiктеп алу;

3) бюджеттік инвестициялық басым жобалардың (бағдарламалардың) тiзбесiн қалыптастыру және бекіту.

3. Бюджеттік инвестицияларды заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға және ұлғайтуға қатысу арқылы жоспарлау мен жүзеге асырудың тәртібі осы Кодекстiң 153-бабымен айқындалады.

149-бап. Инвестициялық ұсыныстарды қалыптастыру және iрiктеп алу

1. Инвестициялық жобаларды қалыптастыру бюджеттік инвестициялық жобаның (бағдарламаның) мақсаттарына қол жеткізу үшiн оңтайлы стратегия мен мiндеттердi анықтау мақсатында, сондай-ақ жоспарланатын бюджеттік инвестициялық жобаның (бағдарламаның) құрылымын және алдын ала құнын анықтау үшін жүзеге асырылады.

2. Инвестициялық ұсыныстарды қалыптастыруды бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi орта мерзiмдiк мемлекеттік, салалық (секторлық) және өңiрлiк бағдарламаларды әзiрлеу сатысында жүзеге асырады.

3. Инвестициялық ұсыныстарға баға берудi экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкiлеттi орган орта мерзiмдiк мемлекеттік, салалық (секторлық) және өңiрлiк бағдарламаларды Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлеген тәртiппен келiсу сатысында жүзеге асырады.

4. Инвестициялық жобаларды iрiктеу инвестициялық ұсыныстарды бағалау бойынша экономикалық жоспарлау жөнiндегі уәкiлеттi органның оң қорытындысы негiзінде жүзеге асырылады.

5. Ірiктеп алынған инвестициялық ұсыныстар жоспарланған кезеңнiң екінші немесе үшiншi жылын iске асырудың басталуымен бiрге жоспарланған бюджеттік инвестициялық жобалар (бағдарламалар) ретiнде бюджеттік инвестициялық басым жобалар (бағдарламалар) тiзбесiне енгiзiледi.

150-бап. Бюджеттік инвестициялық жобаларды әзiрлеу және iрiктеу

1. Бюджеттік инвестициялық жобаны (бағдарламаны) әзiрлеу бюджеттік бағдарлама әкiмшiсiнiң бюджеттік инвестициялық жобаны (бағдарламаны) техникалық-экономикалық негiздеудi әзiрлеудi ұйымдастыруын және оның сараптамасын жүргiзудi көздейдi.

2. Жобаны (бағдарламаны) техникалық-экономикалық негiздеу шығындар мен тиiмдiлiктердi біліктi техникалық-экономикалық талдау негiзiнде жүргiзiлетiн бюджеттік инвестициялық жобаны (бағдарламаны) жүзеге асыру мен тиiмдiлiгiн зерделеу нәтижелерi бар жоба алдындағы құжат болып табылады. Бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) техникалық-экономикалық негiздеуге қойылатын талаптарды Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.

3. Бюджеттік инвестициялық жобаны (бағдарламаны) техникалық-экономикалық негiздеудi әзiрлеу оны бюджеттік инвестициялық ұсыныс кезеңiнде инвестициялық басым жобалардың тiзбесiне енгiзген жағдайда жүзеге асырылады.

4. Бюджеттік инвестициялық жобаның (бағдарламаның) белгiленген техникалық-экономикалық параметрлерiн растау үшiн инвестициялық жобаны (бағдарламаны) техникалық-экономикалық негiздеуге Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген экономикалық және басқа да сараптамалар жатады.

5. Бюджеттік инвестициялық жобаның (бағдарламаның) экономикалық сараптамасы заңдарға сәйкес талап етiлетiн басқа сараптамалар қорытындылары негiзiнде жүргiзiледi және бюджеттік инвестициялық жобаны (бағдарламаны) оны техникалық-экономикалық негiздеудi әзiрлеу шеңберiнде жүргiзiлген экономикалық талдауды кешендi бағалаудың мiндеттi нысаны болып табылады.

6. Республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) экономикалық сараптамасын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган белгiлеген заңды тұлға жүзеге асырады.

Жергілiктi бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) экономикалық сараптамасын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиiстi жергiлiктi атқарушы органдар белгiлеген заңды тұлғалар жүзеге асырады.

7. Қажет болған жағдайда экономикалық сараптаманы жүргiзуге уәкiлеттi заңды тұлғалар жүргізiлген сараптамалармен қамтылмаған немесе толық қамтылмаған мәселелер бойынша қосымша сараптаманы, сондай-ақ тәуелсiз сараптаманы жүргiзудi талап етуге құқылы.

8. Республикалық немесе жергiлiктi бюджеттер есебiнен бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) техникалық-экономикалық негiздеудi әзiрлеудi және сараптамалар жүргiзудi қаржыландыруды экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергiлiктi уәкiлеттi органдар тиiсiнше бюджеттік бағдарламалар шеңберiнде орталықтандыра жүзеге асырады.

9. Экономикалық сараптамалар нәтижелерi бойынша жобаны (бағдарламаны) техникалық-экономикалық негiздеудi бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкiлеттi органның келісімi бойынша бекiтедi.

10. Бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) iрiктеу экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкiлеттi органның оң қорытындысы негізiнде жүзеге асырылады.

11. Iрiктелген бюджеттік инвестициялық жобалар (бағдарламалар) жоспарланатын кезеңнiң, бiрiншi немесе екiншi жылының басталуымен бiрге бюджеттік инвестициялық басым жобалардың (бағдарламалардың) тiзбесiне енгiзiледi.

151-бап. Бюджеттік инвестициялық басым жобалардың (бағдарламалардың) тiзбесiн қалыптастыру және бекіту

1. Республикалық бюджеттік инвестициялық басым жобалардың (бағдарламалардың) тiзбесiн және жергiлiктi бюджеттік инвестициялық басым жобалардың (бағдарламалардың) тiзбесiн экономикалық жоспарлау жөнiндегі орталық және уәкiлеттi органдар әлеуметтiк-экономикалық дамудың орта мерзiмдiк жоспары құрамында үш жылдық кезеңге жыл сайын бекiтедi және тиiсiнше бюджеттік даму бағдарламаларын қаржыландырудың тiзбесi мен көлемiн айқындау бөлiгiнде республикалық және жергiлiктi бюджеттердi әзiрлеу үшiн негiз болып қызмет етедi.

2. Бюджеттік инвестициялық басым жобаларды (бағдарламаларды) қалыптастыру қолданыстағы және әзiрленген мемлекеттік, салалық (секторлық) және аймақтық бағдарламалардың негiзiнде жүзеге асырылады, бұл орайда бюджеттік инвестициялық басым жобалардың (бағдарламалардың) тiзбесiне енгізу үшiн ұсынылған инвестициялық жобалар жоспарланатын кезеңнiң iске асырылуының басталуымен бiрге мынадай талаптарға сай келуге тиiс:

1) бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) мемлекеттік инвестициялық саясатқа сәйкес келуi;

2) бюджеттік инвестициялық жобаның (бағдарламаның) белгiленген тәртiппен бекітілген техникалық-экономикалық негiздемесiнiң болуы.

3. Бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) бюджеттік инвестициялық басым жобалардың (бағдарламалардың) тiзбесiне енгізу үшiн бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық және жергiлiктi уәкiлеттi органдарға осы баптың 2-тармағында аталған талаптарды қанағаттандыратын инвестициялық жобалар (бағдарламалар) бойынша өтiнiмдердi Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен табыс етедi.

4. Бюджеттік инвестициялық жобалар (бағдарламалар) бойынша табыс етiлген өтiнiмдердi қараудың нәтижелерi бойынша экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық және жергiлiктi уәкiлеттi органдар бюджет комиссиясы айқындаған бюджеттік бағдарламалар үшiн лимит шегiнде бюджеттік инвестициялық басым жобалардың тiзбесiн қалыптастырады және мемлекеттік, салалық (секторлық) және аймақтық кесiндiде бюджет комиссиясының қарауына табыс етедi.

5. Бюджет комиссиясы бюджеттік инвестициялық басым жобалардың тізбесін қарау кезiнде:

1) бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) қаржыландырудың көзi мен тетiгiн айқындайды;

2) бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) қаржыландыруға бағытталған бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерiн айқындайды.

6. Бюджет комиссиясы мақұлдаған инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) мемлекеттік, салалық (секторлық) және аймақтық бағдарламалардың кесiндiсіндегі үш жылдық мерзiмге жоспарланатын инвестициялық басым жобаларының тiзбесi әлеуметтiк-экономикалық дамудың орта мерзімдік жоспарының құрамында бекітіледі.

7. Бюджеттік инвестициялық басым жобалардың (бағдарламалардың) тiзбесiн қалыптастыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

152-бап. Бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) iске асыру

1. Бюджеттік инвестициялық жобалар (бағдарламалар) бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) белгіленген тәртiппен бекітілген техникалық-экономикалық негiздерге сәйкес iске асырылады.

2. Бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) iске асырудың шеңберiнде көзделген құрылыс қызметi белгiленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес жүзеге асырылады.

3. Құрылыс қызметiн жүзеге асыруды көздейтiн бюджеттік инвестициялық жобалардың құны бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға негізiнде түзетілуі мүмкiн.

4. Бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) iске асырудың шеңберiнде көзделген құрылыс қызметiне ақы төлеу үшiн республикалық және жергiлiктi бюджеттерден төлемдердi жүргiзу белгіленген тәртiппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттама болған жағдайда ғана жүзеге асырылады.

153-бап. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға және ұлғайтуға қатысу арқылы бюджеттік инвестицияларды жоспарлау және жүзеге асыру

1. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға және ұлғайтуға қатысу арқылы iске асырылатын бюджеттік инвестицияларды жоспарлау әлеуметтiк-экономикалық дамудың орта мерзiмдiк жоспарын әзiрлеу негiзiнде жүзеге асырылады.

2. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға және ұлғайтуға қатысу арқылы iске асырылатын бюджеттік инвестицияларды әлеуметтiк-экономикалық дамудың орта мерзiмдiк жоспарына енгізу инвестицияларды қаржылық-экономикалық негiздеу бойынша экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган сараптамасының қорытындысы негiзiнде жүзеге асырылады. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға және ұлғайтуға қатысу арқылы жүзеге асырылатын бюджеттік инвестицияларды қаржылық-экономикалық негiздеу бюджеттік қаражаттарды заңды тұлғалардың жарғылық капиталына салудың пайымдылығы мен тиiмдiлiгiн бағалауды қамтитын құжат болып табылады.

3. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға және ұлғайтуға қатысу арқылы жүзеге асырылатын инвестицияларды қаржылық-экономикалық негiздеудi әзiрлеудi және экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi органға табыс етудi бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi жүзеге асырады. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға және ұлғайтуға қатысу арқылы жүзеге асырылатын инвестицияларды қаржылық-экономикалық негіздеудiң құрамына, әзiрлеу тәртібі мен қарауға қойылатын талаптарды Қазақстан Республикасының Үкiметі айқындайды.

4. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға және ұлғайтуға қатысу арқылы бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыруды Қазақстан Республикасының Yкіметі мен жергiлiктi атқарушы органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен реттейді.

34-тарау. Бюджеттік инвестицияларды іске асыру мониторингі және

олардың тиімділігін бағалау

154-бап. Бюджеттік инвестицияларды іске асырудың мониторингі

1. Бюджеттік инвестицияларды iске асырудың мониторингi:

1) бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiнiң инвестициялық жобалар (бағдарламалар) әзiрленуiнiң және iске асырылуының барысы мен нәтижелерi туралы ақпаратты жинауын және өңдеуiн;

2) бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергiлiктi уәкiлеттi органдарға инвестициялық жобалар (бағдарламалар) әзiрленуiнiң және iске асырылуының барысы мен нәтижелері туралы ақпаратты ресiмдеуiн және табыс етуiн;

3) бюджеттiң атқарылуы жөніндегі орталық және жергiлiктi уәкiлетті органдардың бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергiлiктi уәкiлеттi органдарға бюджеттік бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) дамытуды қаржыландырудың жиынтық жоспарын және бюджеттік бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) дамыту шеңберiнде төлемдердiң нақты жүзеге асырылуы бойынша ақпаратты табыс етудi;

4) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергiлiкті уәкiлеттi органдардың инвестициялық жобаларды (кiшi бағдарламаларды) iске асыру барысы туралы ақпарат және бюджеттік бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) дамыту жөнiнде төлемдердiң нақты жүзеге асырылуы бойынша ақпарат негiзiнде бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыру тиiмдiлiгiн ағымдағы бағалауды;

5) бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi органның бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi органға және экономикалық жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi органға жергiлiктi бюджет есебiнен жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялардың iске асырылу барысы туралы жиынтық ақпаратты жасауды және табыс етудi;